2020, 28–31 МАМЫР,  НУР-СУЛТАН

Басты бет

V Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі

КӨРМЕНІҢ МҰРАҒАТЫ

KADEX–2012

KADEX–2012

Алдында хабарлағанымыздай, көрменің іскерлік бағдарламасы оқиғаға толы болды және бірқатар кездесулер мен келіссөздерді өткізуден өтті. Қазақстанның Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қырғызстанның, Түркияның, Қытайдың Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен бірлескен жоспарларды одан әрі дамыту жөніндегі перспективаларын талқылады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов мен Сергей Громов Ресей, Украина, Израиль, Италия, Франция, АҚШ, Ұлыбритания сияқты және басқа елдермен компанияларының өкілдерімен бірлескен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 

Кездесулерге сондай-ақ «Қазспецэкспорт» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның және «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ басшылары, Қорғаныс министрінің орынбасары Бағдад Майкеев, Қарулы Күштердің түрі мен әскер түрлерінің қолбасшылары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық саясат департаментінің өкілдері қатысты.

Көрменің шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің басшылығы шетелдік мемлекеттік органдарының және қорғаныс компанияларының делегацияларымен басшыларымен отыз шақты кездесулер өткізді.

Осы кездесулердің қорытындысы бойынша – бірлескен әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі тараптардың жақын арадағы жоспарлары мен перспективаларын анықтайтын ниеттер хаттамаларына қол қойылды.

Алғашқылардың қатарында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен ЕС-725 тікұшақтарын сатып алу туралы еуропалық «Eurocopter» компаниясымен және оларды «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС базасында жинақтау өндіру мүмкіндігі жөнінде ниеттер хаттамасына қол қойылды.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысының басқармасымен, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-мен және «MBDA France» SAS (Франция) мен «Indra Sistemas S.A.» (Испания) компаниялары арасында ҚР ҚК ӘТК үшін жағалық ракеталық кемеге қарсы кешендерді жасау саласында ниеттер хаттамасына қол қойылды.

Қазақстанның Қарулы Күштерінің Оқ-дәрі бас басқармасының, «Қазақжарылыспром» АҚ мен «Луганский патронный завод» (Украина) ЖАҚ арасындағы ниеттер хаттамасы Қазақстандағы атқыш оқ-дәрілерді өндіру үшін технологиялар мен құрал-жабдықтарды (роторлық желі) сатып алуға қатысты болды.

ҚР ҚК Оқ-дәрі бас басқармасы, «Алма ДК» ЖШС мен Қазан оқталатын оқ-әрі зауытымен Арыс қаласында «Алма ДК» ЖШС өндірістік базасында отандық оқ-дәрілерді өндіру перспективасы пайда болды. Осы жерде болашақта 125 мм практикалық снарядқа оқ-дәрілер зарядтарының өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылған, ол ҚР ҚК Оқ-дәрі бас басқармасының, «Алма ДК» ЖШС, «Қалқан» ЖШС мен Тамбов оқ-дәрі зауыты арасындағы ниеттер туралы хаттамасында көрсетілген.

«Град» ДАРЖ реактивті снарядтарын ату ұзақтығы 20 км бастап 40 км дейін ұлғайта отырып, растауды, жөндеуді және модернизациялауды ұйымдастыру ҚР ҚК Оқ-дәрі бас басқармасының «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (АО «ПЗТМ») мен ФГУП «ГНПП «Сплав» (Ресей) арасындағы ниеттер туралы хаттама көздейді.

«Қазақстан инжинириг» Ұлттық компания» Акционерлік қоғамының өзімен жалпы сомасы 1,8  млрд. АҚШ доллары көлемінде жетекші әлемдік компанияларымен 2020 жылға дейін ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

«Укрспецэкспорт» әскери және арнайы мақсаттағы өнімдер мен қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты бойынша мемлекеттік компаниясымен «Қазақстан инжиниринг» АҚ БТР-4 бірлесіп өндіруді ұйымдастыру жөнінде келісім жасасылды.

Cessna Grand Caravan 208B ұшақтарын техникалық қызмет көрсету және оларды Қазақстан Республикасының аумағында жинақтау өндірісін ұйымдастыруға қатысты «Cessna Aircraft Company» американдық компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға жасасылды. «Кобра» брондалған дөңгелекті машинаны өндіру мен сатудан кейінгі қызмет көрсету саласында «Қазақстан инжиниринг» түрік «OTOKAR Otomotiv ve Savunma Sanayi A.Ş» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

«Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС мен «Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум ЕС145 тікұшақтарына оптикалық-электрондық құрал-жабдықтарды: түнде көру приборларын, жылувизорларды орнату мүмкіндігін көздейді.

Сондай-ақ «Қазақстан инжинириг» ҰК» АҚ кеме құрылысы саласында алдыңғы қатарлы технологиялардың трансферті мүмкіндігі бар Каспий теңізінің қазақстандық секторының кеме құрылысы/кеме жөндеу верфінің құрылысы саласында кореялық «STX Offshore & Shipbuilding Co., Ltd.» компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.

Қорғаныс министрлігінің қару-жарақ пен әскери техниканың экспорты мен импорты жөніндегі уәкілетті органы – «Қазспецэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорын Arsenal JSCo (Болгария) компаниясымен, «Корпорация «Защита» (Ресей) ЖАҚ-мен, салюттік қондырғылар үшін зарядтар бойынша «Пиро-Росс» (Ресей) пен дилердік келісімшарттар жасасылды.

Естеріңізге салып өтейік, халықаралық Қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік  «KADEX-2012» екінші көрмесі 2012 жылғы 3 мамырдан бастап 6 мамыр аралығында Астана қаласында өтті. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің 2011 жылғы 4 тамыздағы өкіміне сәйкес өткізілді.

Көрмеде Құрлықтағы әскерлердің және Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен техникасы; авиациялық техника, ӘҚҚ жүйелері мен құралдары; арнайы мақсаттағы құралдар мен мүліктер; ІТ-технологиялар, байланыс құралдары мен жүйелері; әскерлердің тылдық және техникалық қамтамасыз ету құралдары ұсынылған болатын.

Сегіз жабық павильондарды және ашық алаңдарда 253 қорғаныс кәсіпорындарының әскери және қос мақсаттағы өнімдері ұсынылды, оның ішінде әлемнің 23 мемлекетінен 83 отандық және 170 шетелдік компаниялары болды. Шетелдік кәсіпорындардың ең көп саны Ресей мен Түркиядан ұсынылған болатын. Бұдан басқа, 40 астам шетелдік және қазақстандық кәсіпорындардың өкілдері көрмелік стендті ұйымдастырмай көрмеге қатысты. Жалпы алғанда өзінің өнімін ұсынған кәсіпорындар мен ұйымдарының мамандар саны 2500 астам адамды құрады.

Жабық павильондарда экспозиция көлемі 6 мың шаршы метрді құрады, оның 1 мың шаршы метрі қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерімен қамтылған. 15 бірлік авиациялық техника мен 83 бірлік құрлықтағы техника қойылған ашық алаң 26 мың шаршы метрді құрады.

Көрмеге ҰҚКҰ ресми делегациялары, сонда-ақ Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Израиль, Индия, Италия, Қырғызстан, Литва, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Украина, Өзбекстан, Франция сияқты елдер де қатысты.

Көрмеде дипломатиялық корпус Әзірбайжаннан, Беларусиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Ресейден, Украинадан, АҚШ-нан, Қытайдан, Франциядан, Тәжікстаннан, Түрікменстаннан, Үндістаннан, Түркиядан, Литвадан, Польшадан, Италиядан, Ираннан, Румыниядан, Пәкістаннан, Канададан, Бельгиядан, Швейцариядан, Жапониядан, Даниядан, Чехиядан, Испаниядан, Грециядан, Австриядан, Нидерландыдан, Финляндиядан, Грузиядан, Швециядан келген елшілер мен әскери атташелермен ұсынылды.

Ресми делегациялардың және әскери-дипломатиялық корпусы өкілдерінің, шетелдік фирмалардың жалпы саны үш мыңнан астам адамды құрады.

Ашық күндері (5-6 мамыр) мамандар мен зерттеушілердің баға беруі бойынша көрмеге 10 мыңнан астам адам келді, ол өз алдына туризм мен қонақүйлік бизнестің дамуына өз септігін тигізді. Көрменің ресми қонақтары мен қатысушылары үшін Астана қаласы бойынша мен қаланың бірқатар ойын-сауық кешендеріне бару бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды, ол да шағын және орта бизнестің дамуына мультипликативтік әсер етті.

«KADEX-2010» көрмесімен салыстырғанда осы көрменің ерекшелігі  көптеген шетелдік компаниялар заттай, яғни қолданыстағы қару-жарақтар мен әскери техниканың үлгілерін ұсынды.

Көрменің барысында қазақстандық әскери мамандар әскери-көліктік, фронттық және әскери авиацияның үлгілерімен танысты. Airbus Military компаниясы әртүрлі модификациядағы әскери-көліктік ұшақтарды ұсынды, Eurocopter компаниясы ЕС-725 Super Puma тікұшағын және ҚР Қарулы күштерінде қолданылып келетін ЕС-145 тікұшағын көрсетті. Ресейлік П.Суховский атындағы «МиГ» ОКБ ұшақ құрылысы корпорациясы, М.Миля атындағы Мәскеу тікұшақ зауыты өз өнімдерін көрсетті.

Қазақстанның Қарулы Күштерінің мамандарын көпфункционалды МиГ-29М2 фронттық жойғышы, Ми-17 тікұшағының авиациялық тренажері, ресейлік өндірісіндегі «Штурм-СМЭ» ракеталық кешені, жаңартылған ЗРК-125 («Рособоронэкспорт») зеңбіркті-ракеталық кешен, беларустық жаңартылған ЗРС «Бук-МБ», француз «Sagem» фирмасының, израильдік «IAI», Elbit Systems» компанияларының,  Пәкістанның «GIDS» компаниясының пилотсыз ұшу аппаратты ең көп қызықтырды.

Қазақстанның әскери мамандарын ресейлік және кореялық өндірісіндегі миналық-тральды кемелер, испандық «INDRA» мен «MBDA» (Франция) компанияларының ӘТК үшін жағалық ракеталық кемеге қарсы кешендері, әскерлермен стратегиялық деңгейден басқарудан бастап тактикалық басқаруға дейінгі автоматтандырылған жүйелер кешені қызықтырды, оларды көрмеде ресейлік «Системпром» концерні ұсынды. 

Байланыс әскерлерінің өкілдері «Tadiran» (Израиль), ресейлік «Сарапульский радиозавод», қазақстандық «Delta-IT» компаниясы ұсынған арнайы мақсаттағы барлау тобына арналған радиобайланыс құралдарына қызығушылық танытты.

Сондай-ақ радиобайланыстың КВ, УКВ бұйымдарына, мониторинг, радио ұстап қалудың, анықтау мен пеленгация кешендері мен құралдарына, әскерлермен автоматтандырылған басқару жүйелерінің бұйымдарына да қызықты. Осы өнімнің спектрі көрмеде қазақстандық ELSI Tech компаниясымен, ресейлік  Элинс Ғылыми-техникалық орталығымен, германиялық «Rohde&Schwarz» компаниясымен, Украинаның «НТЦ РТС АН ПРЭ» фирмаларымен ұсынылды.

Көрмеге қатысушыларында Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Беларусьтың ракеталық-артиллериялық және бронды танкалық қару-жарақтары, инженерлік және автокөліктік техникасы кәсіби қызығушылықты танытты.

Халықаралық Қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік «KADEX-2012» екінші көрмесінің ұйымдастырушылары мен қатысушыларының бірауызды пікірі бойынша Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің келіссөздер мен іскер кездесулерге арналған тиісті алаңды ұйымдастыру жоспары ойдағыдай өтті деп есептейді. «KADEX-2012» көрмесінің қатысушыларының алдыңғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда ұлғаюуы оның танымал болуы мен беделінің өсуін растайды. Тиісінше, елдің имиджін нығайтады.

Әскери ведомствоның басшылығы 2014 жылға жоспарлаған қару-жарақ көрмесі дәстүрлі түрде өтетін әскери көрменің тізбегінде өзінің лайықты буынын табады деп және ол әскери мамандарға қару-жарақ саласындағы жаңа жетістіктері туралы жақсы ақпараттандырылатын болатынына сенімді.

KADEX-2016 СТАТИСТИКАСЫ

ресми делегациялар
ресми делегациялар  48
қатысушылар саны
қатысушылар саны  355
келушілердің саны
келушілердің саны 70мың
қатысушы-мемлекеттер
қатысушы-мемлекеттер  44

Ұйымдастырушылар

Ұйымдастырушы

Стратегиялық серіктес

Серіктестер

Демеушілер

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СЕРІКТЕС

РЕСМИ КҮНСАЙЫНҒЫ БАСЫЛЫМ