2020, 28–31 МАМЫР,  НУР-СУЛТАН

Басты бет

V Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі

КӨРМЕНІҢ МҰРАҒАТЫ

KADEX–2014

KADEX–2014

Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік «KADEX -2014» үшінші көрмесі өзінің жұмысын аяқтады.

Үстіміздегі жылғы 22-25 мамыр аралығында  Астана халықаралық әуежайының әскери секторының аумағында өткен іс-шараға 208 шетелдік компания, әлемнің 28 елінен келген 54 ресми делегациялар қатысты.

Алты көрме павильондарында және ашық алаңдарда бес тақырыптық бағыт бойынша қару-жарақ пен техниканың 300 астам заттай үлгілері ұсынылған болатын.

Оның ішінде Құрлықтағы әскерлердің және Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен техникасы; авиация мен авиациялық қару-жарақтар, ӘҚҚ жүйелері мен құралдары; арнайы мақсаттағы құралдар мен мүліктер; ІТ-технологиялар, байланыс құралдары мен жүйелері; әскерлердің тылдық және техникалық қамтамасыз ету құралдары бар.

Әскери мақсаттағы өнімді көрмеге 92 қазақстандық кәсіпорын ұсынды. Алғаш рет «KADEX» көрмесіне осы бизнес сегментінде көшбасшы позицияларын алатын «Боинг», «Сикорский», «Дженерал Атомикс» компаниялары қатысты.

Көрме күндері Құрлықтағы әскердің және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің, авиациялық техниканы, атқыштар қару-жарағы мен оқ-дәрінің демонстрациялық көрсетілімдері көрсетілді.

Іскерлік бағдарлама шеңберінде ҰҚКҰ мүше-мемлекеттерінің қорғаныс-өнеркәсіптік кешендеріне басшылық ететін үкімет басшыларының орынбасарлары кеңесін, ҰҚКҰ ӘЭЫМК жанында Іскерлік кеңестің отырысын және Жарнамалық-көрмелік қызметі жөніндегі Үйлестіру кеңесін өткізді.

Тұтастай алғанда, көрменің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2,6 миллиард доллар сомасында контрактілер, меморандумдар мен келісімдер жасасылды.

«KADEX» жыл сайын шамамен Қарулы Күштерінің 10 мың қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен ҚР мемлекеттік арнайы органдары қатысады, тұтастай алғанда көрмеге 45 мыңнан астам келем деушілер келді.

Таяу және алыс шығыс елдерінің жоғарыкәсіпті әскери оркестрлерінің көріністері «KADEX-2014» қатысушылар мен қонақтарының ерекше назарына ие болады.

«KADEX-2014» көрмесін жария ету ісінде 40 қазақстандық және шетелдің БАҚ ұсынатын 200 астам журналистер қатысты.

«KADEX-2014» көрмесінің маңызды қорытындысы кейінгі сатып алу үшін өнімнің спектрін анықтау, Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің кәсіпорындарын дамытуға арналған қосымша шарттарды құру, қару-жарақ пен әскери техникалық мүліктің жетекші шетелдік өндірушілерімен әскери-техникалық ынтымақтастығын жетілдіру болып табылды.

KADEX-2016 СТАТИСТИКАСЫ

ресми делегациялар
ресми делегациялар  48
қатысушылар саны
қатысушылар саны  355
келушілердің саны
келушілердің саны 70мың
қатысушы-мемлекеттер
қатысушы-мемлекеттер  44

Ұйымдастырушылар

Ұйымдастырушы

Стратегиялық серіктес

Серіктестер

Демеушілер

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СЕРІКТЕС

РЕСМИ КҮНСАЙЫНҒЫ БАСЫЛЫМ