2020, 28–31 МАМЫР,  НУР-СУЛТАН

Басты бет

V Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі

КӨРМЕНІҢ МҰРАҒАТЫ

KADEX-2016

KADEX-2016

2 маусым, 2016

«KADEX-2016» көрмесінің бірінші күннің нәтижесі бойынша іскерлік бағдарлама маңызды болды, оның барысында шет елдердің қорғаныс ведомстволарымен жемісті келісімшарттарға қол қойылған болатын. Биыл 20 кәсіпорындарымен ұсынылған «ҰК Қазақстан Инжиниринг» АҚ Украина және Беларусьпен 3 маңызды контракті жасасты. Осылайша, қазақстандық жылуға ден қою камералары Беларусьқа экспорттауға жоспарлануда.  Қазақстандық «КАЕ» компаниясы беларусьтық «Пеленгаға» өзінің жылуға ден қою камераларын оларды одан кейін көздеуіштер кешеніне орнату үшін жеткізуге ниеттенді.  «KADEX-2016»  халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүліктің көрмесінің «майданында» өзара түсініктік туралы тиісті меморандумға «КАЕ» ЖШС бас директорының орынбасары Абиыр Алшымбаев мен «Пеленг» ААҚ бас директорының орынбасары Сергей Литвяков қол қойды. Украиндық «Мотор Сич» АҚ-мы «Қазақстандық авиациялық индустрия (ҚАИ)» ЖШС-ге МИ-2 мен МИ-8 тікұшақтарын модернизациялау және Ми-8 тікұшақтарына арналған қозғалтқыштарын күрделу жөндеу жөніндегі технологияларын ұсынады. Тиісті лицензиялық келісімді «Мотор Сич» АҚ президенті Вячеслав Богуслаев мен «ҚАИ» ЖШС бас директоры Қайрат Жауханов қол қойды. Бұдан басқа, бейсенбіде «ҚАИ» ЖШС Су-25 түріндегі ұшақтарды беларустық «558 Авиажөндеу зауыты» АҚ АТО базасында осындай жұмыстарды ұйымдастыру перспективасымен күрделі жөндеу мен модернизациялауды орындау жөнінде контрактіге қол қойды. Қазақстандық «Қазтехнология» компаниясы патронды зауыттың болашақ өнімін жеткізу бойынша БАӘ, Ұлыбританиямен және Болгариямен 3 меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарушы Күштерінің Әскери-теңіз күштері үшін ракеталық-артиллериялық кемені сатып алу туралы түрік «Диарсан» компаниясымен меморандумға қол қойылды.

АШЫЛУ РӘСІМІ

Бүгін 2 маусымда ҚР ҚК Жоғары қолбасшысы – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  «KADEX – 2016» 4-ші Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрменің ашылу рәсіміне қатысты. Еліміздің президенті павильондарды аралап, әртүрлі елдердің қорғаныс саласындағы көрсетілген экспонаттарының сапасын бағалап өтті. Мұндай қару-жарақтар мен әскери-техникалық мүлік көрмелері отандық компанияларға шет елдің серіктестерінің тәжірибесін алуға және өзіміздің өндірісімізді дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Биыл біздің тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, біз осы жылдар бойы еліміздің Қарулы Күштерінің қалыптастыруымен айналысып келеміз. Бұрын Қазақстанда кадрларды оқыту жүйесі болған емес. Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігінің жоғарғы оқу орындарында әскери ісінің әртүрлі салалары бойынша сержанттан бастап генералға дейін оқытамыз. Әскери құрал-жабдықпен жабдықтау мен қамтамасыз ету – бұл елге өте маңызды. Біз негізінен, кеңес дәуірінде болған техникамен пайдаланамыз. Бірақ қазір, біз әскери техниканы, қару-жарақтарды және т.б. өзіміз шығара алатындығымен мақтанамыз. Біз қару-жарақты жеткізу және кейбір кәсіпорындарды  Қазақстанның аумағына алып келу  бойынша әртүрлі елдермен жұмыс жасаймыз. Бізде тек Ресеймен ғана ынтымақтастық, басқа көптеген Еуропа елдерімен, Израильмен, Оңтүстік Африкамен ынтымақтастығымыз тығыз. Біз олардан үлгі алып, өзіміздің әскери-өнеркәсіптік кешінімізді дамытуымыз қажет», - деп атап өтті Н.Назарбаев. «KADEX – 2016» 4-ші Халықаралық Қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің ашылу рәсімінде көрсетілім алаңында ТМД-да бірегей ҚР ҚК таулы-қорықшы полкінің әскери қызметшілері келушілерді өзінің өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ «KADEX-2016» салтанатты ашылу рәсімінде бүкіл әлемге белгілі каскадерлік «NOMAD» тобы белгілі каскадерші Жандарбек Күнгүжіновтың басшылығымен өздерінің күрделі атты трюктерін көрсетті. Игорь Цайдың басшылығымен «Кун-до» сахналық күрес мектебінің оқушылары қолма-қол күресті қолдана отырып көріністер көрсетті. Ашылудың шоу бағдарламасында ҚР ҚК 36 десантты-шабуылдаушы бригаданың әскери қызметшілері де қатысты. Алғаш рет көрменің ашылу рәсімінің онлайн трансляциясын ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында көруге болатынын атап өтуге болады.

3 маусым, 2016

«KADEX-2016» көрмесінің екінші күннің нәтижесі де өз жетістіктерін көрсетті. Егер көрменің бірінші күні шет елдермен 6 контракті жасасылған болса, ал келесі күні отандық кәсіпорындар жемісті іскерлік бағдарламасын жалғастырды. «KADEX-2016» іскерлік алаңда қазақстандық «Қазтехнология» компаниясы ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ҚХР 2 контракті жасасты. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаевтың қатысуымен ірі калибрлі оқ-дәрілерді өндіру жөніндегі «Norinco Corp» компаниясымен биотехнологиялар мен құрал-жабдықтарды беру туралы меморандумға қол қойды. Маңызды талқылау ретінде ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін тұрғын үй салатын бірлескен кәсіпорындарды құру туралы меморандумға қол қою болды. Сондай-ақ «Қазтехнология» «Град-1» ДОРЖ-нің реактивті снарядтарды модернизациялау және сынамадан өткізу жөнінде ресейлік «Сплав» ҒӨҰ компаниясымен меморандумға қол қойды. Бұдан басқа, тағы бір болгар компаниясымен меморандумға қол қойылды.  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровтың қатысуымен ҚР Қарулы Күштерінің ӘТК үшін ракеталық-артиллериялық кемелерді жеткізу жөніндегі ниеті туралы неміс «Abeking&Rasmussen» компаниясымен меморандумға қол қойылды. «ҰК Қазақстан Инжиниринг» АҚ компаниялар тобы бүгінгі күні 12 құжатқа қол қойды. Олардың біреуі мыналар. «КАЕ» компаниясы инфрақызыл линзалар мен жылуға ден қою камераларын жеткізу бойынша оларды кейін пилотсыз ұшу аппараттарына жіберу үшін меморандумға қол қойды. «Семей инжиниринг» зауыты Мьянмаға конверсионды техниканы экспорттауға ниеттенуде. Қазақстандық зауыттың басшылығымен «MCM Pte Ltd» компанияларының өкілдерімен контрактіге қол қойылды, техниканы жеткізудің атап өтілген мерзімі 18 айдың ішінде жоспарлануда. Ресейлік «Оборонительная система» компаниясы «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ радиоэлектронды күресу мен радиотехникалық барлау құралдарын жеткізуге дайын, осыған орай екі тараптық тәртіпте келісімге қол қойылды. «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігіне ЕС125 түрдегі 7 тікұшақты жеткізу жөніндегі ниеті туралы меморандумға қол қойылды. Осымен бірге, Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг және АҚ «Қазавиапас» қолданыстағы ЕС145 борттарын техникалық қызмет көрсету жөніндегі ниеті туралы, сондай-ақ тікұшақтардың аралас флотын қосымша сатып алу туралы меморандумды жасасты. «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ мен испандық «SAES» компаниясы теңіз миналарын бірлесіп өндіруді меңгеруді жоспарлап отыр. Осы ниет туралы тиісті меморандумға «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ бас директоры Александр Гнеломедов мен «SAES» Бас директоры Антонио Кордеро қол қойды. 

4 маусым, 2016

«KADEX» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрменің шеңберінде «ҰК «Қазақстан инжиниринг» АҚ бүгінгі күні 45 млрд. теңгеге бірқатар шетелдік компаниялар мен қазақстандық кәсіпорындармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісім жасасты. «ҰК «Қазақстан инжиниринг» АҚ, сондай-ақ еншілес ұйымдардың басшылары шет мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің өкілдерімен және қару-жарақ пен әскери техниканың жетекші өндірушілерімен 40-тан астам кездесулер өткізді. Осылайша, «ҰК «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «405 АРЗ» АҚ және «Вертолеты России» АҚ келіссөздерінің нәтижесінде ресейлік өндірісінің тікұшақ техникасын 2020 жылға дейінгі кезеңде сатудан кейінгі қызмет көрсетулерін кеңейту мақсатында  бірлескен жобалардың Жол картасына қол қойды. «ҰК «Қазақстан инжиниринг» АҚ және ресейлік «Оборонительные системы» мөлшері аз пилотсыз «Репеллент» ұшу аппараттарымен радиоэлектронды күресу кешендерін және «Автобаза-М» радиотехникалық барлаудың жерүсті кешендерін жеткізу саласында келісім жасасты.  «КАЕ» ЖШС «НИИ СТТ» АҚ (РФ) бірге инфрақызыл линзалар мен жылуға ден қою камераларын оларды ПҰА  кейінгі интеграциялау үшін жеткізу туралы, беларусьтық «Пеленгімен» өзінің жылуға ден қою камераларын  олардың көздеу кешендеріне интеграциялау жөнінде тиісті құжатқа қол қойылды. Көрменің «майданында» Радиоэлектроника және байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасылды, олар кері соққы беру құрылғыларымен және механикалық приводтармен 120-мм минометтің негізіндегі жүйесін өндіру бөлігінде «ПЗТМ» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС мен израильдік  «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ мен үнді «Elcom innovations» «Elbit Systems» сияқты өндірушілерімен меморандумдар жасасылды.  «НИИ «Гидроприбор» АҚ мен испандық «SAES» теңіз миналарын бірлесіп өндіруді меңгеруді жоспарлап отыр, ол туралы меморандумға «KADEX-2016» екінші күннің барысы кезінде компаниялардың басшылары қол қойды. Ірі контрактілердің бірі – конверсиялық техниканы Мьянмаға жеткізу туралы контактіні «Семей инжиниринг» АҚ  «MCM Pte Ltd» өкілдерімен бірге жасасты және тағы да болгар «Металика – АБ ЕООД» әскери және азаматтық мақсаттағы модернизацияланған техниканы экспорттау туралы тағы бір меморандумды жасасты. «Қазақстандық авиациялық индустрия» (ҚАИ) ЖШС МИ-2 және МИ-8 тікұшақтарын модернизациялау және МИ-8 тікұшақтарына арналған қозғалтқыштарын күрделі жөндеу бойынша технологияларды беру туралы келісім «Мотор Сич» АҚ (Украина) кәсіпорынмен, Су-25 түрдегі ұшақтарды күрделі жөндеу мен модернизациялауды орындау жөніндегі контактіні беларусьтық «558 Авиажөндеу зауыты»-мен қол қойылды. «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» (ЕҚИ) ЖШС өз тікұшақтарын бірқатар қазақстандық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдарына жеткізу мүмкіндігі туралы келісімге қол жеткізді.  ЕС125 түрдегі 7 тікұшақтарды, ЕС130 түрдегі 18 тікұшақтар – «ҚазМедЭйр» ЖШС компаниясының басшылығы сатып алу жөнідегі ниеті туралы меморандумдар Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігінің ЕҚИ-мен өкілдерімен қол қойылды. Сонымен қатар, ЕҚИ «Қазавиаспас» АҚ қолданыстағы ЕС145 борттарын техникалық қызмет көрсету бойынша ниет білдірді. Хабарлағандай, 2016 жылғы 2 маусымнан бастап 5 маусым аралығында Астанада «KADEX» IV халықаралық  Қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі өтіп жатыр, оның ұйымдастырушысы болып «ҰК «Қазақстан инжиниринг» АҚ болып отыр. «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы биыл 20 кәсіпорынмен ұсынылған, олар көрменің қатысушыларына 42 бірлік әскери техниканы, сондай-ақ 95 бірлік әскери және азаматтық мақсаттағы бұйымдарды ұсынады.

Бүгін Астанадағы «KADEX-2016» көрмесіне келем деушілерге есігін ашты. Оған барлық қала тұрғындар мен қала қонақтары ҚР ҚК авиациялық базасында сағат 10-нан бастап 18-ге дейін келуге болады. Таңертеңнен бастап авиациялық базаға барлық жастағы келем деушілер келіп жатыр. Отандық және шетелдік қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің жетістіктерін өз көзімен көру үшін көрмеге кішкентайлар мен жас бас буын астаналықтар, әскери техниканың әуесқойлары, тұтас отбасымен көрмеге келіп жатыр. «Мен өзім, запастағы әскери қызметшімін, маған біздің қаруларымызды, біздің армиямыздың күштерін көру қызық болды. Немерелеріме де патриоттық сезімге шақырып, осы танкілер мен ұшақтарды көрсетіп отырмыз. Олар көргеннен мәз, көздері жанып, фильмдерде ғана көретін әр тікұшақты өз қолдарымен көргілері келеді», - деп айтып берді көрменің келушісі Олег Григорьев. Барлық келем деушілер көрменің өткізу орнының қасында өтетінін  №10 және №100 автобустық маршруттарымен көрмеге жете алады, сондай-ақ осы күндері арнайы көрмеге жететін №12 маршрутымен жетуге болады. Келем деушілердің жеке автокөліктері үшін орталық кіре берістен солға қарай автотұрақ жұмыс істеп тұр. Бүгін келем деушілерге орталық әскери оркестірінің музыканттары өздерінің плац-концерттерін көрсетеді, сондай-ақ құрмет қарауыл ротанысының көріністерін көруге болады.  

Құрлықтағы әскерлердің әскери техникасының көрсетілімдерінде және ҚР ҚК Әуе қорғаныстары күштерінің әскери ұшқыштарымен ұсынылатын авиашоуда, «KADEX-2016» көрмесінің ашық күніндегі көрермендер армияның қуатын және жоғары пилотажды көрді. Келем деушілерге бүгін әскери қызметшілер техниканың дайындығын байқады. Шартты полигонның аумағы бойынша «Арлан», «Кобра», «Лэндровер», «Хаммер» брондалған дөңгелекті көліктер, танкілер өтті. Авиациялық базаның аумағын әскери атысқа ұқсас дыбыстармен басты, бірақ көрермендер қорыққан жоқ, керісінше қуанышында шек болған жоқ. «Біздің қорғап осы машиналар тұрғанын сезінгенде біздің армиямыз үшін мақтан етеміз. Мұндай барлығы алақандай көрінеді, бұл көрермендер үшін нағыз көрсетілім. Ұйымдастырушыларға осының барлығын өз көзімен көргені үшін алғыс білдіреміз», - деп атап өтті көрмеге келген Айдар Нұрым. ӘӘК әскери ұшқыштарының ұшулары көрсетілім бағдарламасының өзінше бір «фишкасы» болды. Бүгін «Найза» пилотажды тобының ЕС145 тікұшақтарында  өз өнерлерін алғаш рет көрсетті. Су-30 жойғышында бір адамды пилотажы көрсетті, сондай—ақ Су-27 ұшақтарында «Жетісу» пилотажды тобының әскери ұшқыштары жоғары пилотаж көрсетті. Бұдан басқа, өзі шеберлігін көрермендер үшін Zlin242 және TL-2000 оқу ұшақтарында оқу-жаттықтыру орталығы да ұсынды. Қазақстандық ұшқыштарды ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев өз сөзімен бастады. «Ең бастысы, біз тек қару-жарағымыз бен әскери техниканы ғана көрсеткен жоқпыз, біз бейбітшіл мемлекет екенімізді көрсеттік. Көрменің өзі көрнекі. Оның ерекшелігі мынада, егер бұрын бізге пилотаж шеберлігін көрсету үшін басқа елдерден ұшып келетін болса, қазір біздің ұшқыштар өз шеберлігін және керемет ұшу шеберліктерін өздері көрсетуде», - деп атап өтті Алтынбаев.

5 маусым, 2016

Бүгін Астанада ҚР Қарулы Күштерінің авиациялық базасында «KADEX-2016» IV Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік атты көрмесі өз мәресіне жетті. Авиациялық базада ту түсірілді, ол дегеніміз «KADEX-2016» көрменің жабылуы туралы хабарланды. Мыңдаған келушілер, ондаған қол қойылған келесімдер, ашық және жабық алаңдарда көрсетілген жүзедеген әскери техниканың үлгілері, қазақстандық және шетелдік фото тілшілерінің жасаған мыңдаған суреттері – міне осының барлығымен «KADEX-2016» көрмесі есте қалады. 4 күннің ішінде қазақстандық және шетелдің қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенінің барлық күші мен қуаты көрсетілді – ZLIN оқу ұшақтары, с-295 жеңіл көліктік ұшақтар, СУ-30 СМ жойғыштары, Ми-171Ш тікұшақтары, пилотсыз ұшу аппараттары, «Арлан», «Барыс» брондалған машиналар, модернизацияланған танкілер – осының барлығын тұрған және қозғалыстағы күйінде көруге болар еді. Бұдан басқа, көрменің маңызды құрамдас бөлігі ретінде іскерлік бағдарлама болды – ол халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференция, тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер. Көрсетпе және іскерлік бағдарламалар қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді үдемелі дамыту, инвестицияларды тарту, жетекші халықаралық өндірушілерімен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту сияқты негізгі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.  Келуге ашық күндері 4 және 5 маусым күндері көрмеге көптеген адамдар келді. Қонақтар Қазақстанның және басқа елдердің қорғаныстық-өнеркәсіптік кешендерінің мақтан ететін үлгілерін көру үшін тұтас отбасымен келді. Егер ересектер экспонаттардың техникалық сипаттамаларын зерттеп, көрсетілген үлгілерді салыстырса, балалар танкілердің, броневиктардың, ұшақтар мен тікұшақтардың нақты  үлгілерімен етене танысты. Барлық қалаған адамдар автобустармен көрмеге дейін жетіп қалды, келем деушілерге буфет пен сауда дүкендері жұмыс істеді, онда қымбат емес бағамен тамақтануға болатын еді. Көрменің қонақтары үшін  орталық әскери оркестрінің музыканттары өнерін көрсетті, олар плац-концертті, сондай-ақ құрмет қарауыл ротасы да өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараның ауқымдылығы пайдалану сипаттарын ғана емес, сонымен қатар  бронетанкілі техника мен өзге қару-жарақ түрлерінің әскери сапасын да көруге мүмкіндік берді.

 

 

KADEX-2016 СТАТИСТИКАСЫ

ресми делегациялар
ресми делегациялар  48
қатысушылар саны
қатысушылар саны  355
келушілердің саны
келушілердің саны 70мың
қатысушы-мемлекеттер
қатысушы-мемлекеттер  44

Ұйымдастырушылар

Ұйымдастырушы

Стратегиялық серіктес

Серіктестер

Демеушілер

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СЕРІКТЕС

РЕСМИ КҮНСАЙЫНҒЫ БАСЫЛЫМ