2020, 28–31 МАМЫР,  НУР-СУЛТАН

Басты бет

V Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі

Фотосуреттер 6 альбом, 275 суреттер
Жаңалықтар

Астанада әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеулер енгізіледі

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2018 жылғы мамыр айының 18‑нен 26‑на дейінгі кезеңде «KADEX-2018» қаруландыру және әскери техникасының V Халықаралық көрмесіне дайындалу және өткізуіне байланысты Астана қаласының Халықаралық әуежайында әуе кемелерінің ұшуларына уақытша шектеулері енгізілгенін хабарлайды.

Астана әуежайы мына уақыттарда әуе кемелерін қабылдау және жіберу үшін жабық болады:

ағымдағы жылғы 18 және 19 мамырда сағат 11.00‑ден 13.00‑ге дейін;

ағымдағы жылдың 21 мамырында сағат 10.00‑ден 13.00‑ге дейін;

ағымдағы жылдың 22 мамырында сағат 9.00‑ден 13.00‑ге дейін.

Көрмені өткізу кезеңінде:

ағымдағы жылдың 23 мамырында сағат 11.00‑ден 15.00‑ге дейін;

ағымдағы жылдың 24 мамырында сағат 11.00‑ден 13.00‑ге дейін;

ағымдағы жылдың 25 мамырында сағат 13.00‑ден 15.00‑ге дейін;

ағымдағы жылдың 26 мамырында сағат 15.00‑ден 17.00‑ге дейін.

Әуе кеңістігінің қысқамерзімді жабылуы туралы барлық әуекомпаниялары сапарлары кестелерін түзету үшін алдын ала хабардар етілген.

Өткен жылдардың тәжірибесін есепке ала отырып, «KADEX-2018» көрмесін өткізу күндері авиасапарлардың ұзақ кідірісін болдырмау жөнінде шаралар қабылданатын болады.

хабардар етілгендей, 2018 жылғы мамырдың 23‑нен 26‑на дейін Астана Халықаралық әуежайының әскери секторы аумағында «KADEX-2018» қаруландыру және әскери‑техникалық мүлкінің V Халықаралық көрмесі өтеді.

Алғашқы рет «KADEX» көрмесінің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болады.

көрмеге қорғаныс‑өнеркәсіптік кешені мен ғарыш саласының отандық және шетелдік кәсіпорындары, жетекші конструкторлық бюролары және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми‑зерттеу институттары қатысады.

үлгілерін көрсетуден басқа, негізгі акцент сондай‑ақ бағдарламаның іскери бөлігіне де жасалатын болады. Ғылыми‑іскери бағдарламасының шеңберінде пленарлық және секционды отырыстарын, конференцияларын, «дөңгелек үстелдер» өткізу жоспарлануда, бұл барлық елдердің мамандарына қорғаныс пен қауіпсіздіктің, әлемдік ғарышты дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға, сондай‑ақ заманауи кезеңдегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын талқылауға мүмкіндік береді.

Көрменің өзгеше жаңалығы «KADEX-2018» көрмесі құрастырушыларының бірі ретінде «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумын өткізуі болады. Алғашқы рет Көрмеде отандық және әлемдік ғарышкерлік жетістіктеріне арналған жеке павильон ұсынылатын болады.

Көрменің іскери бағдарламасында «Cyber and Digital Security» және «Advanced Def Tech» конференциялары өткізілетін болады. Осы іс‑шаралары әлемнің әртүрлі елдерінің мамандары мен сарапшылары қорғаныс өнеркәсібінің, ғарыш қызметі мен ақпараттық қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін талқылайтын Көрменің орталық «диалогтық алаңдарының» бірі болады.

«KADEX - 2018» көрмесі жұртшылықтың кең тобы үшін ағымдағы жылдың 25-26 мамырында көру үшін ашық болады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің пресс-қызметі

8 (7172) 74-92-38

8 (7172) 74-92-97

KADEX-2016 СТАТИСТИКАСЫ

ресми делегациялар
ресми делегациялар  48
қатысушылар саны
қатысушылар саны  355
келушілердің саны
келушілердің саны 70мың
қатысушы-мемлекеттер
қатысушы-мемлекеттер  44

Ұйымдастырушылар

Ұйымдастырушы

Стратегиялық серіктес

Серіктестер

Демеушілер

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СЕРІКТЕС

РЕСМИ КҮНСАЙЫНҒЫ БАСЫЛЫМ