2020, 28–31 МАМЫР,  НУР-СУЛТАН

Басты бет

V Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі

Фотосуреттер 6 альбом, 275 суреттер
Жаңалықтар

Астанада уақытша кейбір автобус маршруттары өзгеретін болады

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесін өткізу кезінде 2018 жылдың 23-26 мамыр аралығында кейбір автобус маршруттарының жүру кестелері өзгеретінін туралы хабарлайды.

Аталған маршрут өзгерістері қала тұрғындары мен қонақтарына барынша ыңғайлы болу үшін, сондай-ақ «KADEX-2018» көрмесінің аумағына тез арада жету үшін ұйымдастырлған.

Көрме барысында № 12, 51 және № 100 экспресс автобусының Қабанбай батыр даңғылы бойынша маршруттары Астананың айналма автокөлік жолында (Халықаралық әуежай ауданы) орналасқан «KADEX-2018» Көрме жанындағы аялдама арқылы жүретін болады, әрі қарай қолданыстағы жүру кестелері бойынша.

Қарама-қарсы бағытта – дәл сондай жүру кестесі бойынша.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың әскери әскери секторы аумағында «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі өтеді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығында өтетін алғашқы көрме.

Оған отандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының кәсіпорындары, жетекші конструкторлық бюро мен ғылыми-зерттеу институттары қатысады.

Онда қару-жарақ үлгілерін көрсетуден бөлек, бағдарламаның іскерлік бөліміне де назар аударылады. Бағдарламаның ғылыми-іскерлік бөлімінде пленарлық және секциялық отырыс, конференция, «дөңгелек үстел» форматында барлық елдердің мамандары қорғаныс және қауіпсіздік, әлемдік ғарыш саласын дамыту мәселелері төңірегінде пікір алмасып, замануи кезеңде киберқорғаныспен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланады.

«KADEX - 2018» көрмесінің өзгеше жаңалығы оның аумағында «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумының өткізілуі болмақ. Тұңғыш рет көрмеде отандық және әлемдік ғарыш саласының жетістіктеріне арналған жеке павильон болады.

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында «Cyber and Digital Security» и «Advanced Def Tech» конференциялары өтеді. Бұл шаралар әлемнің түрлі елінен келген мамандар мен сарапшылар қорғаныс өнеркәсібі, әскери-техникалық ынтымақтастық, ғарыш қызметі мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылайтын Көрменің орталық диалогтық аумағы болмақ.

«KADEX – 2018» көрмесі көпшілік үшін аралауға ү.ж 25-26 мамыр аралығында ашық болады.

Жүру кестесі (*pdf)

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігінің

Баспасөз қызметі

KADEX-2016 СТАТИСТИКАСЫ

ресми делегациялар
ресми делегациялар  48
қатысушылар саны
қатысушылар саны  355
келушілердің саны
келушілердің саны 70мың
қатысушы-мемлекеттер
қатысушы-мемлекеттер  44

Ұйымдастырушылар

Ұйымдастырушы

Стратегиялық серіктес

Серіктестер

Демеушілер

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СЕРІКТЕС

РЕСМИ КҮНСАЙЫНҒЫ БАСЫЛЫМ