2020, 28–31 МАМЫР,  НУР-СУЛТАН

Басты бет

V Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі

Фотосуреттер 6 альбом, 275 суреттер
Жаңалықтар

Астанада «KADEX - 2018» V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды

Мерейтойлық «KADEX - 2018» V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі Астана қаласының 20-жылдығында 2018 жылдың 23-26 мамыр аралығында Халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында өтті.

Көрмеге Ресейден, Беларусьтен, Қырғызстаннан, Армениядан, БАӘ-ден, Түркиядан, Иорданиядан, Египеттен, Израильден, Италиядан, Монғолиядан және басқа елдерден 48 ресми делегация, қорғаныс-өнеркәсіптік кешені (ҚӨК), ғарыштық қызмет және киберқауіпсіздік саласындағы жетекші шетелдік компаниялардың 108 басшысы қатысты.
 
Экспоненттер ретінде Көрмеде өз өнімін әлемнің 28 елінен 318 компания ұсынды: Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия және басқалары.
 
Көрмеде әлемдік жетекші өндірушілердің қаруландыру және әскери техника, әскери және қосарлы мақсаттағы өнімдері, ғарыштық техника мен технология үлгілері, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әзірлемелер ұсынылды. Көрмеге ҚӨК пен ғарыштық саланың отандық және шетелдік кәсіпорындары, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жетекші конструкторлық бюролар және ғылыми-зерттеу институттары қатысты.
«KADEX - 2018» көрмесіне келушілер ҚӨК пен ғарыштық қызмет кәсіпорындарының соңғы жетістіктерімен және келешегі бар ғылыми әзірлемелерімен танысты, ашық көрсету алаңында 124 бірлік құрлықтағы техника және 18 бірлік авиациялық техника мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар көрсетілген.
 
Көрме шеңберінде «Advanced Def Tech». әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық конференция – «Advanced Def Tech» ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
 
Конференцияға Қазақстаннан, Ресейден, Қытайдан, Түркиядан, Беларусьтен және басқа да елдерден қорғаныс-өнеркәсіптік кешені компанияларының, ғылыми-зерттеу институттарының және конструкторлық ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар әскери-техникалық ынтымақтастықтың тиімді дамуының өзекті мәселелерін, қорғаныс-өнеркәсіптік саланы жаңғырту стратегиялары мен механизмдерін, жаңа технологияларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылады.
 
Конференцияда ірі ҚӨК өндірушілері броньды техника мен дүркіндетіп атудың реактивтік жүйелерін жетілдіру бойынша жобаларды, брондалған дөңгелекті машиналар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды өндіру саласындағы заманауи әзірлемелер бойынша жобаларды ұсынды. Аталған іс-шараларды өткізу нәтижелері бойынша өңір елдері арасында әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы қорытынды Қарарға қол қойылды.
 
Бұдан бөлек, «KADEX - 2018» көрмесі өткен далада «CYBER AND DIGITAL SECURITY» ақпараттық қауіпсіздік бойынша конференция өтті, ол ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорғау мәселелеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыни маңызды объектілеріне арналды.
 
Конференцияны Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев және Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов ашты.
Конференцияда Жапония, ҚХР, Малайзия, Иордания, Пәкістан, Беларусь ұлттық реттегіштерінің өкілдері баяндама жасады.
 
Сондай-ақ конференцияға әлемнің 14 елінен (Қазақстан, Ресей, Иордания, ҚХР, АҚШ, Беларусь, Малайзия, Франция, Пәкістан, Жапония, Израиль, Түркия, Бельгия, Монғолия) 28 ұйым өкілдері қатысты.
Осы іс-шараға орталық мемлекеттік орган, жоғары оқу орындары, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, шетелдік және отандық компаниялар ұйымдарының 514 өкілі қатысты.
 
«KADEX-2018» көрмесі шеңберінде алғаш рет «Қазақстандағы ғарыш күні: Қазғарыштың 25-жылдығы» халықаралық форумы өтті, онда ғарыш технологиясы саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік компаниялардың 500-ден астам ғарыштық ведомстволары мен мемлекеттік органдар өкілдері, ғарышкерлер, белгілі ғалымдар, мамандары қатысты. Әлемнің 20-дан астам елі қатысты.
 
«KADEX- 2018» көрмесі барысында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұловтың Түркия Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус Караосманоглумен және Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің басшысы Исмаил Демирмен кездесуі өтті. Келіссөздер барысында тараптар әскери-техникалық ынтымақтастықтың ағымдағы екіжақты мәселелерін және келешектегі жоспарларды іске асыру мәселелерін талқылады.
 
Сондай-ақ «KADEX-2018» көрмесі өткен далада Израиль Қорғаныс министрлігінің Қорғаныс экспорты жөніндегі агенттігінің (СИБАТ) директоры Мишель Бен-Барухпен кездесуі өтті, онда тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
 
«JAXA» Жапон аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің президенті Хироши Ямакавамен өткен келіссөздерде ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды.
 
Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Виталий Вовкпен және БР Мемлекеттік әскери-өнеркәсіптік комитетінің төрағасы Олег Двигалевпен, Грекияның Қорғаныс министрі Каменос Панаетиспен, Испания Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Аугустин Конде Бахенмен, Корольдік географиялық орталықтың Бас директоры, бригадалық генерал Ауни Хасаунамен, Гвинеяның Қорғаныс министрі Мохамед Дианэмен, Оман Сұлтаны Бас штабы бастығының орынбасары Шамис Аль-Хабсимен кездесулер өтті.
 
Келіссөздерде екі жақты әскери-техникалық ынтымақтастықты орнату, ғарыш қызметі және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
 
Павильондарды аралау барысында сондай-ақ Ресейдің ( «Алмаз-Антей» концерні, «Объединенная авиастроительная корпорация», «Уралвагозавод»), Беларусьтің (558 авиаремонтный завод, «Системы управления - Агат» ААҚ), Италияның («LEONARDO» холдингі), Түркияның («MILSOFT», «STM», «OTOKAR» компаниялары) ірі қорғаныс кәсіпорындарының басшылығымен келіссөздер өтті.
 
Көрмеде 10 павильон орнатылды, оның ішінде Түркия, Қытай және Ресейдің ұлттық павильондары, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС, «Казтехнологии» АҚ қазақстандық кәсіпорындарының павильондары бар, бұдан бөлек, алғаш рет ғарыш саласына арналған павильон қойылды, онда ғарышкерлік саласындағы алдыңғы қатарлы әзірлемелердің үлгілері көрсетілді.
Ресей Федерациясы, ҚХР және Түркия Республикасы «KADEX– 2018» көрмесінде өздерінің қорғаныс-өнеркәсіптік кешен, аэроғарыш саласы және киберқауіпсіздік саласындағы әзірлемелерімен өздерінің ұлттық павильондарын ұсынды.
 
Көрмедегі ресейлік павильонның ауданы 2224 шаршы метрді құрайды, онда 58 компания көрсетілген. Өз жаңа өнімдерін «Вертолеты России» холдингі «Ростех» мемлекеттік корпорациясы, «Рособоронэкспорт», «НПО «Высокоточные комплексы» АҚ, Объединенная авиастроительная корпорация, «Информационные спутниковые системы» академика М.Ф. Решетнёва» акционерлік қоғамы, «ГКНПЦ им. М.В. Хруничева» АҚ және басқалары ұсынды.
 
Түркия павильонында: ASELSAN ELEKTRONIK SANAYI VE TIC.A.S., AVS, BMC OTOMOTİV SANAYİ VE TİCARET A.Ş., DEARSAN GEMİ İNŞ SAN A.Ş., DESAN, GARANTİ GİYİM, GİR-SAN Makina ve Hafif Silah San. Tic. A.Ş., HAVELSAN, HOYTEK BILGISAYAR LTD., İŞBİR, MILSOFT, OTOKAR, ÖZTEK, SİMSOFT, SSM/SSİ, STM, TAIS, TURMAKS, TUSAŞ, TÜBİTAK BİLGEM, UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş., UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş., TEKNOLOJİ MÜH тәрізді қатысушы 21 компания орналасты.

Қытай Халық Республикасының павильонында 20 компания орналасты.

«Великий поход» компаниясы, CATIC қытайлық корпорациясы әскери және азаматтық ұшақтар өндірісіне, борттық қару және жерүстілік жабдықтар өндірісіне маманданған, «NORINCO» қытайлық солтүстік индустриялық корпорациясы. Сондай-ақ қытайлық павильонда қорғаныстық электроника және киберқауіпсіздік саласындағы кәсіпорындар ұсынылды.
 
Көрме нәтижелері бойынша ғарыш қызметі және киберқауіпсіздік саласындағы елдің әскери-техникалық ынтымақтастығын, қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамытуға және нығайтуға бағытталған барлығы 300 млрд. тенгеден астам сомаға, шамамен 100 меморандумға, келісімшартқа, келісімге және хаттамаға қолқойылды.
 
 

KADEX-2016 СТАТИСТИКАСЫ

ресми делегациялар
ресми делегациялар  48
қатысушылар саны
қатысушылар саны  355
келушілердің саны
келушілердің саны 70мың
қатысушы-мемлекеттер
қатысушы-мемлекеттер  44

Ұйымдастырушылар

Ұйымдастырушы

Стратегиялық серіктес

Серіктестер

Демеушілер

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СЕРІКТЕС

РЕСМИ КҮНСАЙЫНҒЫ БАСЫЛЫМ