2020 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА МИ-8АМТ/МИ-171 ТІКҰШАҚТАРЫН ЖИНАУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛАДЫ
2020 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА МИ-8АМТ/МИ-171 ТІКҰШАҚТАРЫН ЖИНАУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛАДЫ
14.12.2019
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірі түйінді жинауды «Казахстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «№ 405 Авиажөндеу зауыты» АҚ мен «Ресей тікұшақтары» АҚ арасында Қазақстанда ұйымдастыруға үш жақты келісімге қол қойылды.

Бұл құжатқа Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың және Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің арасында бұдан бұрын қол жеткізілген келісімдерге сәйкес қол қойылды.

«Қазақстанда Үкіметтің белсенді қолдауы салдарынан ауыр тікұшақтарды жинау технологиясы алғаш енгізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Жобаның табысты жүзеге асырылуы тікұшақтардың республикалық паркін жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның тікұшақ құрастыру ісіндегі бұдан әрі дамуының маңызды бөлігі болмақ,» - деп атап өтті «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басшылығының Төрағасы Қуаныш Бишимов.

Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес жинау мен олардың бейімделуі №405 зауытта орындалады, ол Қазақстандағы осы типтегі тікұшақтардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін мәселелерде едәуір құзіреттіліктерге ие. Зауыт Ми-/17/171 тікұшақтарын жөндеу, модернизациялау және техникалық қызмет көрсетуге арналған қазақстандық және халықаралық органдар арқылы сертификатталған.

Тікұшақтардың бірінші партиясының жеткізілуі келесі жылы күтілуде. Қазіргі таңда 8 тікұшақтың жеткізілуіне олардың саны одан әрі тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес 17 бірлікке дейін арттыру келісім-шарты жасалды. Негізгі тапсырыс берушілер бірқатар мемлекеттік мекеме болып табылады.

Пресс-қызмет «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ.

Дереккөз: http://www.ke.kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=258293&#
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
БАЙЛАНЫСТАР
010000, Қазақстан Республикасы
Нұр-Сұлтан қ-сы, Нәжімеденов к-сі, 16а
Тел: +7(7172) 64-23-23
Email: office@kadex.kz
Қарулану мен технологиялардың VI халықаралық көрмесі
@ 2019 Барлық құқықтар қорғалған
ОРНАЛАСТЫРУШЫ