Ресми сәлемдесу
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және өзімнің атымнан «KADEX» Қару-жарақ және технологиялардың VI халықаралық көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын қошеметтеуге рұқсат етіңіздер!

«KADEX» көрмесі өткізілген жылдардан бері қару-жарақ, әскери және арнайы техникаларды, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы технологияларды көрсету тұрғысында әлемнің жетекші көрме алаңына айналды.

Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудағы басымдылығы әрдайым алдыңғы қатарлы технологиялар мен шетел инвестицияларын тартуға беріледі. Бұл мақсатта елімізде барынша қолайлы жағдай жасалған және де аталған көрме әскери-техникалық ынтымақтастық, авиациялық-ғарыштық кешенін дамыту, киберқорғанысты қамтамасыз ету салаларындағы әріптестік қатынастарды дамытуға мүмкіндік туғызады.

Алдағы іс-шара аясында конференция, дөңгелек үстел, стратегиялық сессиялар форматындағы кең көлемді ғылыми-іскерлік бағдарлама жоспарланған.

Іс-шара қатысушылары мен қонақтарына жемісті еңбек пен биік белестерді алуына тілектеспін!

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б.Атамқұлов
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР


БАЙЛАНЫСТАР


010000, Қазақстан Республикасы
Нұр-Сұлтан қ-сы, Нәжімеденов к-сі, 16а
Тел: +7(7172) 64-23-23
Email: office@kadex.kz
Қарулану мен технологиялардың
VI халықаралық көрмесі
@ 2019 Барлық құқықтар қорғалған
ОРНАЛАСТЫРУШЫ